11 наурызда Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің күштерімен бірлесіп Осакаров, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Абай аудандарының, сондай-ақ Қарағанды және Теміртау қалаларының қар басқан трассаларынан адамдарды эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізді. Өткізілген іс-шаралармен 87 адам құтқарылды және эвакуацияланды.
Осакаров ауданында «Осакаровка-Нұра» автожолының 19 шақырымында 3 автомобиль тазартылған жол шығарылды, олардың салондарында 9 адам болған. «Қызылорда-
Павлодар» автожолында техникалық ақаулы автокөлікте қалған 5 адам Молодежный кентіне жеткізілді.
Бұқар жырау ауданында техникалық ақауы бар жеңіл автокөліктен 5 адам, Жаңаарқа және Абай аудандарында қар құрсауында қалып қойған автомобильдерден 5 адам құтқарылды.
«Қарағанды-Теміртау» автожолында кептелісте тоқтап қалған жеңіл және қоғамдық көліктерден 54 адам Теміртау қаласына жеткізілді.
Сондай-ақ, құтқару жұмыстары «Қарағанды қаласына кіреберіс» және «Сұрыптау-Пришахтинск» автожолдарының учаскелерінде де жүргізілді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына жеке құрамнан 35 адам және 13 техника жұмылдырылды.