Қарағанды облысы білім басқармасының ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, «УАЗ» автокөлігі Қарқаралы ауданы Бесоба ауылы № 8 жалпы білім беретін орта мектептің ресурстық орталығына тиесілі.
Айта кетейік, апатқа ұшыраған көлік Қарашоқы ауылынан Бесобаға және Қызыл Ту бөлімшесіне бет алған. Көлікте 9 адам болған. Бесобаға 13 шақырым қалғанда көлік қисайып барып құлаған. Адамдар сол сәтте жанталаса көліктен шыға бастаған, алайда 3 адам - 13 жасар Ерасыл Дарханұлы, 19 жасар Жанболат Мажитов және 56 жастағы Болат Әбілдинов суға кеткен.
6 адам аман-есен жағаға жеткен. Олар: Ерсін Әбеуов, Тоқтақын Қасымқұлов, Сырым Қасымқұлов, Өмірғали Құлтабаров, Мейрам Мурсалов және 13 жасар Рамазан Көпбергенов.