Жаңа қаулыға сәйкес, сауда нысандарында балалар ойын алаңдары мен аттракциондарға әлі де тыйым салынған.
Сауда нысандарында (сауда-ойын-сауық орталықтары, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, сауда үйлері) әлеуметтік қашықтықты, маска және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау міндетті. Кіреберісте әр келушіге термометрия жүргізілуі керек.
Фуд-корттар тек тамақты өзімен бірге алып кету және жеткізу бойынша ғана жұмыс істей алады. Бұл нысандардың қызметі жұмыс және демалыс күндері - 24.00-ге дейін, мереке күндері-17.00-ге дейін жалғасады.
12 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап демалыс және мереке күндері сауда нысандарының (сауда-ойын-сауық орталықтары, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, сауда үйлері) 17.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Бұл уақыт шектеулері азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларға қатысты емес.