Қарағанды облысында қатігездікпен кісі өлтірді деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында кісі өлтірді деген күдікпен 20 жастағы ауылдық жігіт ұсталды, ол әйелдің денесін бөлшектеп тастаған, деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметінен.

«Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел шараларының нәтижесінде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Осакаров ауданының 20 жастағы тұрғыны ұсталды», - делінген хабарламада.

Полицияның ақпаратына сүйенсек, Қарағандыда 9 мамырда жылу жолдарының бірінде 6 мамырдан бастап хабар-ошарсыз кеткені үшін іздестіріліп жатқан 26 жастағы қала тұрғынының бөлшектелген денесі табылды.

Ұсталған ер адам қылмысын мойындады. «Оның айтуынша, әйелді өлтіруіне араларында болған жанжал себеп болған. Сосын қылмысын жасыру мақсатында денені бөлшектеп, тығып тастаған», - делінген хабарламада.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот алды тергеу жүргізілуде.