24 жастағы жұмысшы жоғарыдан құлаған тас-топырақтың астында қалып қойды.
Бүгін облыстың төтенше жағдайлар басқармасынан хабарланғандай, оқыс оқиға өткен жексенбі, 11 қыркүйек күні таңертеңгі сағат 05.55-те «Нұрқазған» жер асты кенішінің №7-ші учаскесінде болды. Зардап шеккен жұмысшы жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.