Қарағанды облысында Кедендік одақ елдерімен тауар айналысы өсіп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Кедендік одақ елдерімен саудасын дамытуда.

Облыстық статистика департаментінің талдауы көрсеткендей, 2012 жылдың қаңтарында өзара сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 21,2 пайызға өсті.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 2012 жылдың қаңтарында Қарағанды облысының Кедендік одақ елдерімен өзара саудасының айналымы 201,4 млн. АҚШ долларын құраған. Бұл 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 21,2 пайызға көп. Осы көлемдегі экспорт үлесі - 67,3 пайыз (135,6 млн. АҚШ доллары), импорт - 32,7 пайыз (65,8 млн. АҚШ доллары)», - деп хабарлады облыстық статистика департаментінен. 

Статистикалық ведомствоның ақпаратынша, экспорттың барлық көлемінің шамамен 60 пайызы қара металдар үлесінде. КО елдеріне облыстан мыс пен одан жасалған бұйымдар (26,5 пайыз), кен, қоқыс және күл (5,4 пайыз), минералдық отын, мұнай және айыру өнімдері, битуминоздық құралдар, минералдық балауыздар (4,6 пайыз) шығарылады.

КО елдерінен импорт көлемінің шамамен 13 пайызын қара металдар құрады, 10 пайызын - қазандықтар, жабдықтар мен механикалық құралдар, олардың бөлшектері, 8,6 пайызын - кен, қалдық және күл, 6,3 пайызын - дәнді дақылдар дәндерінен, ұн, крахмал немесе сүттен жасалған дайын өнімдер, наннан жасалған кондитер бұйымдары, 6,1 пайызын - какао және одан жасалған өнімдер құраған», - делінеді облыстық статистика департаментінің хабарламасында.