Қарағанды облысында кітапхана қорлары цифрлық форматқа ауыстырылуда

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының кітапханаларында қорды цифрлау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл шара құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және ақпарат көздеріне қашықтан қол жеткізу үшін қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші кезектеӨлкетану әдебиеті қоры цифрландырылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасыжәне «Рухани Қазына» қосымша бағдарламасы аясында ақпараттықтехнологияларды дамыту жобалары іске асырылуда.

Кітапханалармақалаларды цифрлық форматқа ауыстырып қана қоймай, толық мәтінді мәліметтербазасын, электронды кітапханаларды құрады. Бүгінде 53 мыңға жуық құжатцифрландырылды, бұл 164 мыңнан астам бет. Цифрланған құжаттар электрондықкаталогқа тіркеледі. Қазіргі таңда 35720 өлкетану құжаттары байланыстырылған.Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасына өлкетану сипатындағы 396 кітап атауыберілді.

Н. В. Гогольатындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Руханижаңғыру» бағдарламасы бойынша бірегей өлкетану ресурстарын өндіруменайналысуда. Ауқымды жоба облыстың әдеби атласын, «Қаз дауысты Қазыбекби» электрондық энциклопедиясын, облыстың Еңбек даңқы кітабын, өлкетанусеруенін және тағы басқасын құруды қамтиды.

Өлкетану мерзімдібасылымдары маңызды және құнды, бірегей және көбіне жалғыз ғана ақпарат көзіболып табылады. Сондықтан цифрлық технологиялар арқылы оларды сақтау өтемаңызды.

Облыс кітапханаларымобильдік және интернет-технологияларды пайдалана отырып, кітапхана қызметтерімен сервистерін кеңейтеді.

Шахтинскорталықтандырылған кітапхана жүйесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде«Карлаг тарихы сандық форматта» жобасын жүзеге асырды. Бүгінгі таңда30-шы жылдардағы газеттер цифрландырылды. Толық мәтінді мәліметтер базасы бар«сандық форматта Карлаг» электрондық каталогы құрылды.

«Цифрлық Қазақстан»бағдарламасы аясында елдің барлық кітапхана қорын 2022 жылға дейін кешендіцифрлауды аяқтау көзделген. Облыста үдерісті жеделдету үшін кітапханаларғапланетарлық сканерлер сатып алу және штатқа цифрлық сала маманын қабылдаужоспарлануда.