Оған ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар, этномәдени бірлестік активінің басшылары қатысты. Қатысушылар ҚХА XXIV сессиясында қойылған міндеттерді шешу жолдарын талқылады. «Тәуелсіздік алған күннен бастап жас мемлекет ұлтаралық келісім мен өзара түсіністікті сақтау мен нығайтуға баса назар аударды.
Бүгінде облыста достастық, бірлік, сыйластық сезімімен біріккен 100-ден астам этнос өкілдері тұрып жатыр, - деп атап өтті әкім Нұрмұхамбет Әбдібеков. - Қарағанды облысының ҚХА 40 этнос өкілдері өзара жұмыс істейтін 75 этномәдени бірлестіктердің қызметін шоғырландырады. Жыл сайын бізде жаңа ұлттық-мәдени орталықтар пайда болып жатқаны қуантады.
Олардың қызметінің арқасында бізде облыста тұратын этностардың төл мәдениетімен кеңінен танысуға мүмкіндігіміз бар. Өңір басшысы Ассамблея қызметінің жаңа бағыттары жайлы айтты. Бұл - қайырымдылық, медиация, қоғамдық бақылау. «Облыста Медиация орталығы, 173 Қоғамдық келісім кеңесі, 229 аналар кеңесі, облыстық мәслихаттың қоғамдық және этникааралық келісім мәселелері бойынша партияаралық ынтымақтастық депутаттық тобы мен ҚХА ғылыми сараптау тобы бар», - деп нақтылады Н. Әбдібеков.
Атқарушы билікпен бірге қоғамдық органдар облыстың қоғамдық-саяси жағдайын жақсартуға, әлеуметтік-еңбек дауларын шешуге, алдын алуға, отбасы мүдделерін қорғауға және т.б. бағытталған мәселелерді шешеді. Сессияда ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесінің рөлін күшейту шешімі қабылданды.
«Аудан және қала әкімдері «Мәңгілік ел - бірлік, бейбітшілік және келісім» ұмытылмас құндылықтарын әр үйге, әр отбасыға жеткізу үшін этномәдени бірлестіктердің әлеуетін кеңінен пайдалану қажет», - деп тапсырды өңір басшысы. Облыстық ҚХА бірқатар мүшелері этностың 25 өкілімен толықты.
Оның ішінде - этномәдени бірлестіктердің жастар бөлімшелерінің басшылары, педагогтар, спортшылар, т.б. бар. Сессия марапаттаумен аяқталды. Бірқатар қарағандылықтар халық бірлігін нығайту, мәдениаралық диалог пен қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан үлесі үшін ҚХА «Бiрлiк» алтын медалімен марапатталды. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі мен облыс әкімінің құрмет грамоталары табыс етілді.