Қарағанды облысында көлік апатынан 5 адам ажал құшты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды-Балқаш тас жолының Абай ауданымен өтетін бөлігінде 5 адам қаза тауып, 2 кісі жарақат алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Мерседес» және «Тойота» маркалы көліктер Абай ауданы Спасск кентінен 20 шақырым жерде бетпе-бет соқтығысқан. Мерседесте шымкенттік 3 ер адам болған. Тойотада екі баласымен бірге алматылық жанұя келе жатқан. «Мерседес» маркалы көлік не себепті қарсы жолаққа шығып кеткені анықталу үстінде. Онда болған үш кісі де қаза тапты. Ал Тойотада болған 2 жасар қыз бен оның анасы ажал құшты.  4 жасар ұл бала мен жүргізуші ауруханада жатыр.

«Ұл бала мен ер адам жансақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады Мақажанов атындағы ортопедия және травматология орталығынан.