Қарағанды облысында көлік ұрлаушылар жарты сағат ішінде ұсталды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жәбірленушіден өтініш түскеннен кейін 30 минут ішінде көлік ұрлаушыларды қолға түсірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

14 шілдедеҚарағанды облысы Бұқар жырау ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне Үштауауылының тұрғыны «Мерседес» маркалы көлігін ұрлап кеткендігі туралы хабарлаған.

Тәртіп сақшылары Бұқаржырау ауданының барлық жолдарын тексерді. Хабар түскеннен кейін жарты сағатөткен соң учаскелік полиция инспекторы Ерлан Жаңашев пен патрульдік полицияныңекі инспекторы Жарас Ақылбеков пен Бахтияр Ысқақов Сарытөбе ауылының маңындаұрланған автокөлікті тоқтатып, күдіктілерді ұстады. Ол Қарағанды облысының үштұрғыны болып шықты, олар Қарағанды қаласына жету үшін автокөлікті айдапкеткенін мойындады.

Аталмыш дерекбойынша Бұқар жырау ауданының полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 200-бабы бойыншасотқа дейінгі тергеу басталды (автомобильді немесе өзге де көлік құралдарынұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену).

Соңғы жаңалықтар