27 маусым күні сағат 14.00 шамасында Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тасжолының Бұқаржырау ауданына жақын тұсында алдын ала болжам бойынша, «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі кері бағыттағы жолаққа шыққан, қарсы келе жатқан жүк көлігін көргеннен кейін өз жолағына қайта оралып үлгермеген. Көліктер бетпе-бет соқтығысқан.
«1976 жылы туған ер адам көлікте қысылып қалған. Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері темірді босаңсытып, оның өлі денесін алып шықты», - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ТЖД баспасөз хатшысы Айдана Жүніс.
Полиция жол-көлік апатының мән-жайын анықтауда.