Қарағанды облысында көліктің жол бойындағы дәмхананы соғуынан төрт адам зардап шекті

None
РАҒАНДЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды облысында «BMW» автокөлігі жол бойындағы дәмхананың қабырғасына соқтығысып, зардап шеккен төрт адам ауруханаға жатқызылды.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның ақпараты бойынша, жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең «Қарағанды-Теміртау» автожолында болған. «Көлікке ие бола алмай қалған «BMW» жүргізушісі жол бойындағы дәмхананың қабырғасына кіріп кеткен. Апат салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы ауруханаға жеткізілді», делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.