Қарағанды облысында көмір сату нүктелерінің интерактивті картасы жаңартылды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында көмір сату нүктелерінің интерактивті картасы қайта қаралды. Картаның көмегімен пайдаланушылар жақын маңдағы көмір сату кәсіпорнын оңай анықтай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш карталар арқылы сондай-ақ отын құнын анықтауғаболатын телефон нөмірлерін білуге болады. Биыл қара отынның бағасы 8000теңгеден 13500 теңгеге дейін болады.

Бұл ретте халықтың қатты отынға деген сұранысы алдын ала болжамбойынша 1.9 млн.тоннаны құрайды.

Биылғы жылы көмір сату бойынша 36 нүкте, оның ішінде 23темір жол тұйығы мен 13 қойма жұмыс істейтін болады.

Қазір облыстың барлық разрездері қатты отынды тиеугедайын кендерін мәлімдеді.

Естеріңізгесала кетейік, көмір нарығындағы дүрлігуден аулақ болу үшін Қарағанды облысындажағдай алдын ала бақылауға алынған болатын. Өңір тұрғындарына жылу беру маусымы басталғанғадейін, қазірден бастапотын қорын толықтырып алу ұсынылуда.

Соңғы жаңалықтар