Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларының балаларын тегін сүндетке отырғызады

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Аталмыш қайырымдылық акциясы облыстық балалар клиникалық ауруханасында іске қосылды. Шара барысында 21 балаға хирургиялық көмек көрсетілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Циркумцизия (сүндеттеу) процедурасыфимоз сияқты көрсеткіштер болғанда ғана тегін орындалады. Ал баласын дәстүргесай сүндетке отырғызғысы келетіндерге жеке дәрігерлерге өтініш беріп, 20-дан 30мың теңгеге дейін қаражат беруге тура келеді. Қарағанды облысының Денсаулықсақтау басқармасында осы рәсімді өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ, көп балалыотбасылардың тізімі жасалды. Ер балаларға облыстық балалар клиникалықауруханасының үздік хирург-урологтары ота жасайды.

«Біз әр отбасына қоңырау шалып, кестеқұрдық: ата-аналарға қандай күні циркумцизия өткізуге ыңғайлы болады. Процедураалдында балалар тексеруден өтіп, қажетті талдауларды тапсыруы тиіс. Қазіргітаңда 11 балаға операция жасалды», -дейді облыстық балалар клиникалықауруханасының директоры Арғын Бидайбаев.

Шара барысында сүндетке отырғызылатын еңкішкентай пациент - 3 жаста, ең үлкені - 5 жаста. Циркумцизия жасауға жартысағаттай уақыт кетеді және жергілікті анестезиямен жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар