Қарағанды облысында қуғын-сүргінге түскен литвалықтар туралы көрме ашылды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында «Литвалықтар Қазақстанда» атты көрме ашылды. Сталиндік террордың қайғылы тарихы туралы баяндайтын экспозиция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Бұл туралы Қарағанды облысыныңәкімдігі хабарлады.

«Біздің еліміз депортацияланғанлитвалықтардың өмірінде үлкен рөл атқарды. Қазақстан Литваның қуғын-сүргінгеұшыраған тұрғындарының саны бойынша Ресейден кейін екінші орында тұр. Мұнда 50мыңға жуық этникалық литвалықтар болған. Қазақ даласына өз еркінен тыс жераударып келген адамдар жергілікті халықпен көрші болып өмір сүрді және біргееңбек етті. Қазақтар оларға ауыр жағдайда көмектесіп, өмір қиындықтарына төтепберуге жәрдемдесті. Ал литвалықтар өз кезегінде жақсы ұста болды, сазданжасалған ыдыс-аяқ және ағаштан жасалған бұйымдар жасай алды, сол арқылыхалықтардың мәдениетін өзара байыта білді», - деп атап өтті мұражай қорының бассақтаушысы Марина Клышникова.

Көрмеде 40-50 жылдардағы тарихи құжаттар,фотосуреттер, тұрмыстық заттар жинақталған. Экспозиция материалдарынанлитвалықтар қандай лагерьлерде және қайда жұмыс істейтінін білуге болады.

Қарағанды облысы бойынша ату жазасынақиылған литвалықтардың тізімі, мұрағаттық істердің көшірмелері, лагерьлердегіқамаудағылардың құрамы мен қозғалысы, арнайы қоныс аударушылардың саны және т.б. туралы анықтамалар ұсынылған. Сонымен қатар АЛЖИР лагерінде жазасын өтегенлитва ұлтының өкілдеріне арналған стенд орнатылды.

Қуғын-сүргін қасіреті нақты адамдардың тағдырыарқылы да берілді. Экспозицияда Теміртау лагерьлік бөлімінде жасалған АдамисАдамонистің өлімі туралы құжаттар, Спасск бөлімшесінің сотталушысы, әскеритұтқындалған Отто Спогаттың карточкалары бар.

Мұражай қорынан арнайы қоныс аударушылардыңчемодандары, католиктік Христос керілген крест, қамаудағылардың ыдыстары менкиімдері ұсынылған.
Бүгінде Қазақстанда 7 мыңнан астам литвалықтартұрады, оның 2 500-і Қарағанды облысында. «Қазақстандағы литвалықтар» көрмесі2019 жылдың 19 тамызына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар