«Бұл бағыт зейнеткерлікке шығуға екі жылы қалған адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешуге көмектеседі. Жұмыс берушілерге «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандар жалақысының 50 пайызы субсидияланады, бірақ ол сома 30 АЕК-тен аспауы тиіс», - деп мәлім етті Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында.
Жұмыс ұзақтығы 12 айдан аспайды, ал жоба аяқталғаннан кейін қатысушыға зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орны беріледі.
Жұмысқа орналасуға жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.
Естеріңізге сала кетейік, «Күміс жас» жобасы кәсіпкерлікті дамытудың 2021—2025 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.