Салтанатты шарада үздік құрылысшыларға Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, соондай-ақ салалық министрліктердің ведомстволық наградалары табыс етілді.
Облыста Мемлекет басшысының тапсырмалары сәтті орындалуда. «Нұрлы жол», «Жұмыспен қамту жол картасы 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» «2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасы» және Қазақстан азаматтарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған басқа да мемлекеттік бағдарламалар тиімді іске асырылуда.
Биыл 37 әлеуметтік маңызды нысандар - 5 мектеп, 2 балабақша, 28 денсаулық сақтау нысаны салынып, жөнделуде. Сондай-ақ осы жылы 4 мектеп 2 балабақша, 27 ауылдық дәрігерлік амбулатория пайдалануға енгізілді.
Қарағанды облысының тұрғын үй құрылысы барысында 7 айда 182,7 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді.