Қарағанды облысында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер вакцина салдырды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері күнделікті қызметінде апаттық-құтқару немесе алдын алу жұмысын жүргізу барысында халықпен үнемі байланыста болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус инфекциясымен ауыру қаупін азайту мақсатында Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлерін вакциналау басталды.

Бүгінгі таңда 20-дан астам қызметкер КВИ вакцинасының алғашқы компонентін қабылдады.

Вакцинация ерікті негізде жүргізіледі.

«Әрбір азаматты өзін, жақындарын және айналасындағыларды коронавирустық инфекциядан қорғайтын маңызды ережелерді есте сақтауға шақырамыз», - деп хабарлады Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.