Қарағанды облысында қыстақтардың бірінде қызметкер шаруа қожалығының басшысын балғамен ұрып өлтірді

ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысындағы Шет ауданында «Ескі Қарабұлақ» қыстағында «Қарабұлақ» шаруа қожалығының 33 жастағы иесі өлтірілді,

деп хабарлады облыс ІІД баспасөз қызметі.

Бұл қылмысқа күдікті осында қыстақта малшы болып жұмыс жасаған 34 жастағы Балқаш қаласының тұрғыны ұсталды. «Ол шаруашылық иесін жаратпаушылық сезіммен саналы түрде ұрып өлтіргенін мойнына алды. Ұйықтап жатқан адамның басына темір балғамен бір қойған. Зардап шеккен адам алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды», - деді облыс ІІД баспасөз қызметіндегідер.

Кісі өлтіргеннен кейін жұмысшы атпен қылмыс орнынан бой тасаламақшы болған, өзімен бірге мылтық пен пышақ ала шыққан. Полицейлер оны «Ескі Қарабұлақ» қыстағынан 10 шақырым жерде далада ұстады.

Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 1-бөлімі, 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті Шет ауданы ІІБ уақытша оқшаулау абақтысына қамалды, деп хбарлайды облыс ІІД баспасөз қызметі.