Қарағанды облысында Ленин атындағы шахтада метаннан электр қуатын өндіретін жоба іске қосылды

None
ҚАРАҒАНДЫ. 7 қаңтар. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов «АрселорМиталл Теміртау» АҚ көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында болды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңір басшысы шахтада жаңа лаваны қарап, газ-метаннан электр қуатын өндіретін жобаның іске асуымен таныс болды.

«Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Ленин атындағы шахтада тестілік режимде алғашқы Қарағанды көмір бассейнінде газсыздандырудан метанды пайдалана отырып, электр қуатын өндіретін құрылғы іске қосылды. Осы нысанда қысқа уақыттың ішінде дайындық жұмысының көп бөлігі жасалды», - деп хабарлады әкім облысының баспасөз қызметі.

Компанияның мәліметі бойынша, бұл жобаға шамамен 1,4 млн. АҚШ доллары жұмсалды.

«Құрылғы іске қосылғаннан бері тұрақты түрде жұмыс істеп, жобалық 1,4 МВт электр қуатын өндіреді. Болашақта осындай құрылғыларды көмір департаментінің басқа да шахталарында пайдалану жоспарда бар», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

С. Ахметов 580 м тереңдіктегі жаңа лаваға түсті.

ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, жаңа  жылдың қарсаңында «АрселорМиталл Теміртау» АҚ-ның көмір департаменті Ленин атындағы шахтада жаңа лава пайдалануға берілген еді.  Лаваның қоры шамамен 1 млн. тонна көмірді құрайды.  «Лава Қарағанды қаласы көлік жасау зауытының мамандарымен дайындалып, құны 6 млн. доллар тұратын  қазіргі заманғы механикандырылған кешенмен жабдықталған», - деп атап өтті облыс әкімінің баспасөз қызметі.