Іздестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Қарағанды облысы ТЖД күштері (жеке құрамның 13 адамы және 4 техника) 20 желтоқсан күні сағат 11:30-да ер адамның мүрдесін даладан тауып алған. Мал іздеген азамат қатты суықтан үсіп қалған деген болжам жасалды.
10:09, 21 Желтоқсан 2013
Қарағанды облысында мал іздеуге шыққан ер адам далада үсіп қалған - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шет ауданында 19 желтоқсанда Ақсу-Аюлы ауылынан Аршалы қыстағына қарай 44 жастағы ер адам мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.