Оқу және тәрбие мекемелеріне бекітілген емханалар балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың арасында сырқатты азайту шараларын жоспарлайды және жүргізеді, профилактикалық екпе мен тексерулер кестесін жасайды, уақтылы диспансерлеуге бақылау жүргізеді.
Мысалы, Пришахтинскідегі емхананың біріне 8 мектеп тіркелген.
Олардың әрқайсысында медпункт жабдықталған және медбике жұмыс істейді.
Ол жыл бойы профилактикалық екпе, қауіп тобындағы балаларға туберкулин диагностикасын жоспарлап жүргізеді, мектеп оқушыларына тереңдетілген медициналық тексеруді ұйымдастырады.
Сондай-ақ, медбикенің міндетіне педұжымға, мектеп қызметкерлеріне және ас блогының қызметкерлеріне жұмысқа рұқсат алу үшін санитарлық кітапшаларды бақылау кіреді.
«Мектептердегі бүкіл медицина қызметкерлері маман сертификатына ие, «білім объектілері мейірбикесінің шұғыл көмек курсымен жұмыс» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсында оқудан өтті, сондай-ақ жыл сайын аттестаттау өткізіледі», – дейді емхана басшысы Индира Мадиярова.
Оқу жылының басынан бастап емхана мамандары бір жарым мыңға жуық мектеп оқушыларын тексерді, 88 бала невропатологтың толық тексеруіне жіберілді.
242 бала эндокринологтың ұсынымы бойынша тексеруден өтуі тиіс.