Қарағанды облысында мектептерге жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен азық-түліктердің жеткізілу дерегі анықталды

None
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында мектептерге жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен азық-түліктердің жеткізілу дерегі анықталып, кінәлілер жауапқа тартылды, деп хабарлады Бас прокуратурадан.

Қарқаралы ауданының прокуратурасы Қарқаралы қаласының № 44 мектебінде «Баланың құқықтары туралы» ҚР Заңының қолданысын тексеріп, оның барысында жеке кәсіпкердің аталған мектепке жарамдылық және сақтау мерзімдері өтіп кеткен азық-түліктер жеткізгенін анықтады. Жекелеген азық-түліктердің сақтау мерзімі 2009 жылы өтіп кеткен болып шықты.

Атап айтқанда, көлемі 10,8 литр «Летний» провансаль майонезінің жарамдылық мерзімі 2 ай 20 күн бұрын аяқталған болып шықты. Қытай халық республикасында шығарылған «Tоmаtо Paste» (Суар «Сафле-Фуд») томат пастасының (8,5 литр) жарамдылық мерзімі 1,5 жыл бұрын аяқталған. Ал банкалардағы консервіленген қиярлардың жарамдылық мерзімін анықтау мүлдем мүмкін болмаған», делінген прокуратура хабарламасында,

Қарқаралы ауданы прокуратурасының уақтылы араласуының нәтижесінде, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түліктердің пайдаланылуына жол берілмей, интернаттағы 106 баланың конституциялық құқықтары қорғалды.

Осы фактіге байланысты аудан прокуратурасы заң бұзушылықтарды жойып, кінәлі тұлғаларды әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы СЭС қызметіне және ауданның білім бөліміне ұсыныс енгізді.