Қарағанды облысында мемлекеттік сатып алулар ашық түрде өткізіледі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев өңірдің мемлекеттік активтер мен сатып алулар басқарма алқасының отырысын өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Облыс әкімдігі мемлекеттік сатып алуларды ашық өткізу бойынша жүйелік жұмыстар жүргізді. Қосымша адами факторлар мен конкурс қорытындысына қызметкерлердің әсер ету мүмкіндігін болдырмау мақсатында құқық қорғау және қадағалау органдарына ұсыныстар жіберілді», - деп атап өтілді облыстық ішкі саясат басқармасының хабарламасында.

2016 жылы барлық конкурстық рәсім автоматтандырылды. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына енгізілген өзгерістердің арқасында рәсімнің тұнықтығы мен ашықтығына қол жеткізілді», - деген пікірде өңірлік Кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен сарапшылар.

«Облыстық деңгейде өтіп жатқан мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы туралы сеніммен айта аламыз. Бұл мемлекеттік қызметшінің имиджіне оң әсер етіп, мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеруге жол ашады», - деп мәлім етті Дүйсебаев.