Сәрсенбі, 27 маусым күні Қарағанды облысындағы Шоқай теміржол стансысында жұмыс істемей тұрған мұнай базасында насостың бөлшектері мен ашық алаңдағы шөп өртене бастады.
Өрт аумағы 190 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан күйік жарақаттарын алған 1998, 1996 және 1994 жылғы үш жасөспірім ауруханаға жеткізілді.
Тілсіз жаумен күреске ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы қатысты.