Ресмимәліметтерге сай, Қарағанды өңірінде қан қысымы жүйесі ауруларынан қаза болу 5,7%төмендеген. Мысалы, соңғы 5 жылда ауыр инфаркт дертінен қаза болу 24,8%азайған. Сонымен қатар, 1-жартыжылдық қорытындысы бойынша облыста ми қан қысымыжүйесінің бұзылуы салдарынан болатын аурулар 16,3%, ал өлім жағдайлары 8,5%азайған. Жедел жәрдем қызметін модернизациялаудың арқасында науқастарды инсульторталықтарына уақтылы жеткізу 91,1% артты.
Қарағанды облысыДенсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаевтың сөзінше, қан қысымыжүйесі ауруларынан қаза болу деңгейін азайту - медициналық қызметкерлер алдындатұрған басты міндеттердің бірі.
«Инфаркт пенинсульт жастар арасында да өте қауіпті. Сондықтан біз оның алдын алуға баркүшімізді саламыз. Әркім қан қысымын, қандағы қант мөлшерін және холестериндіөлшей алады. Ол үшін өз емдеуші дәрігеріңе барып, емханада профилактикалықтексерістен өту керек», - дейді Ержан Нұрлыбаев.
Сондай-ақ тексерукабинеттерінің жұмысы арқасында онкологиялық аурулар ерте анықтала бастаған.Бастапқы 0-1 кезеңде қатерлі ісікті анықтау 9,3% артты. Осының нәтижесінде 1-жартыжылдықбойынша қатерлі ісіктен қаза болудеңгейі 22,1% төмендеді.
Жалпы алғанда,қайғылы оқиғалардан, жарақаттану мен уланудан болатын өлім жағдайлары 3,4%азайды. Бала өлімі 2019 жылдың 6 айында 10,3% азайған.
«Бұлкөрсеткіштерге біз медициналық ұйымдар мен 2016 жылы ашылған ситуациялықорталықтардың бірлескен жұмысы арқасында қол жеткізіп отырмыз. БүгіндеҚарағандыда негізгі бағыттар бойынша 8 орталық жұмыс істейді: жарақаттану,инсульт, түберкулез, инфаркт, хирургиялық орталық, жұқпалы аурулар орталығыжәне жедел жәрдем қызметінің бірлескен диспетчерлік жүйесі»,- деп атап өттібасқарма жетекшісі.