Бұл туралы Тассуат ауылының тұрғындарына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов пен ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов мәлім етті. Ауыл тұрғындарымен кездесу өңір басшысы Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша өтті.
Жалпы облыстағы су тасқыны жағдайы тұрақты. Бірде бір тұрғын үйге су өту деректері тіркелмеді. Өзендердегі су деңгейі төмендеуде.
«Нұра өзені арқылы өтетін жаңа көпір салу туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу мәселесі қарастырылуда», - деп хабарлады Ермек Алпысов.