«Бүгінгі таңда мектеп қорынан 2–11 сынып оқушыларына оқулықтар берілді. Биылғы жылы 1-сынып және 2–11-ші сыныптар үшін тозған кітаптарды ауыстыруға қайта шығарылған оқулықтарға тапсырыс берілді. 1 млрд 766 млн теңгеге 16 баспамен келісімшарт жасалды. Облыс бойынша бес тасымалдаушы анықталды», – деді Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова өзінің Facebook-парақшасында.
Оның айтуынша, оқулықтардың бірінші топтамасы – 30 шілдеде, екіншісі 5 тамызда келді. Жеткізуді 25 тамызға дейін толық аяқтау жоспарлануда.
Ведомствоның мәліметінше, облыс бойынша жаңа оқу жылында мектеп оқушыларының саны шамамен 209 мың адамды құрайды, оның ішінде бірінші сынып оқушылары – 21 800.