Шұғыл желіні мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Қарағанды облыстық Білім басқармасы мен «Мир добра» қоғамдық бірлестігі құрды. Ол 2018 жылдың шілдесінен жұмысын бастады. Сенім телефонының басты міндеті - қиын жағдайларға тап болған балаларға, олардың заңды өкілдеріне психологиялық, әлеуметтік, құқықтық жағынан көмек көрсету және кеңес беру.
Сенім телефоны тәулік бойы, тегін жұмыс істейді. Сондай-ақ жүгінушінің аты-жөнін жарияламауға кепілдік беріледі.
Қажетті ақпараттар мен кеңес алу үшін 8 800 070 02 17 сенім телефонына хабарласуға болады. Сонымен қатар заңгер және психологпен жүзбе-жүз кездесуге болады.