«Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 2017-ші жылдың 9 ай аралығында 1015 ұйым тексерілген. 712 ереже бұзу фактілері тіркелген, оның ішінде 631 - еңбек қатынасы бойынша болса, 74 - еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша, 7 - халықты жұмыспен қамтуға байланысты болған. Тексерістер қорытындысы бойынша 346 бұйрық жазылды», - деп мәлімдеді спикер.
Еңбек қауіпсіздігін бақылау маңызды бағыт болып табылады, деп атап өтті ол.
«Қарағанды облысында ең көп жазатайым оқиғалар орын алатын кәсіпорындар - ол «Қазақмыс», «АрселорМиттал Теміртау» корпорациялары, сондай-ақ бюджеттік ұйымдар. Мысалы, жедел жәрдем фельдшерлері, денешынықтыру мұғалімдері зардап шегеді», - деді Қанатбек Балсариев.
Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда жұмыс орындарындағы қайғылы оқиғалар саны азайғаны байқалады.
Еңбек инспекциясының мәліметінше, 2017-ші жылдың 9 ай аралығында кәсіпорындардағы жазатайым оқиғалар саны 123, өткен жылғы сәйкесінше мерзімде бұл көрсеткіш 132 болған. Ол оқиғаларда 140 адам зардап шегіп, оның 25-і көз жұмған. Өткен жылы 151 адам зардап шегіп, 29 өлім тіркелген.
Облысымыздың кәсіпорындары мен ұйымдарында 3500-нан астам ұжымдық келісімшарттар орнатылған.
Жыл басынан бері әлеуметтік серіктестік бойынша Облыстық үш жақтық комиссияның үш отырысы өткен. Оның талдауына 11 мәселе салынды, оның 7-уі еңбек қарым-қатынасын реттеуге байланысты болды.