Қарағанды облысында өңірлік Индустрияландыру күні өтуде

ҚАРАҒАНДЫ. 1 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды облысы елдегі өңірлік Индустрияландыру күнін аяқтады.

Отандық өндірушілердің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды, оған өндіріс және ауыл шаруашылық қожалықтарының 150 кәсіпорны өздерінің өнімін таныстырды. Бұл жерде еліміздің Индустрияландыру картасына енген инновациялық жобалар да таныстырылды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдауға ие болған жобаларға бөлек секция арналды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өңір басшысы Әбілғазы Құсайыновтың қатысуымен «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағына барып, екі зауаттың құрылысына капсула салды.

Бір жобаның құны 254 млн. теңгені, екіншінің құны 7,4 млрд. теңгені құрады.

Билік өкілдерінен берілген ақпаратқа сәйкес, биыл Қарағанды облысында жалпы сомасы 13,3 млрд. теңгені құрайтын 9 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. 1400-ден астам жұмыс орнынь құру көделуде. Оның үшеуі бірінші жартыжылдықта іске қосылды. Жезқазған қаласындағы «Ютария Ltd» компаниясының тігін фабрикасы жаңғыртылды. Жобаның құны 420 млн. теңгені құрады, жаңғыртылған фабрика жылына 1,8 млн. тігін өнімдерін шығаратын болады, қазақстандық қатынастың үлесі 80 пайызға жетеді.

Жылдың соңына дейін тағы да 6 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.

Республикалық Индустриаландыру күнін 3 шілдеде атап өту көзделуде.