Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 6 шілде күні сағат 11:25-те Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында әуеден барлау кезінде 0,001 га алаңда орман төсенішінің жанып жатқаны анықталды.
Өрт сағат 12:50-де ұлттық парк пен «Қазәуеорманкүзеті» күштерінің көмегімен сөндірілді.
Өрттің алдын - ала себебі-найзағай.