Қарағанды облысында өрт сөндіру кезінде мәйіт табылды - ҚР ТЖМ
11:09, 09 Қыркүйек 2009
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында өрт сөндіру кезінде мәйіт табылды,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Қарағанды облысы Ағадыр кентінде сейсенбі күні 20 шаршы метрлік алаңда үй заттары өртеніп кетті. Өрт сөндіру кезінде 47 жастағы бір әйелдің мәйіті табылды. Жалын ҚР ТЖМ Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің күшімен ауыздықталды.