5 сәуір күні 17:48-де Балқаш қаласында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Желтоқсан көшесі бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы пәтерде жалпы ауданы 10 шаршы метр аумақта өрт орын алды. №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күшімен 5-ші қабаттағы пәтерден автосаты арқылы 2 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала және баспалдақ маршы арқылы 8 адам эвакуацияланды. Өрт 18:43-те сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуынан.
Түнде сағат 23:30-да «01» пультіне Қарағанды қаласы Ишимская көшесіндегі 4 қабатты үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндіру бөлімшелері шақыру орнына жеткенде кіреберісте қатты түтіндеп жатқан. Газ-түтіннен қорғау қызметінің екі буыны жедел подъезд тұрғындарын құтқаруға және
эвакуациялауға кірісті.
«Құтқарушылар баспалдақ маршы бойынша кіреберіс пәтерлерінен құтқару қалпақтарының
көмегімен 6 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарып, 7 адамды эвакуациялады. 4-қабаттағы пәтерде болған өрт салдарынан жеңіл дәрежеде газбен уланған 1996 жылы туған пәтердің тұрғыны мен 2017, 2018 және 2020 жылы туған балалар медициналық мекемеге жатқызылды», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 26 адам және 7 техникасы жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.