Қарағанды облысында өткен мереке күндері алты адам суға кетіп, бесеуі құтқарылды
13:35, 07 Шілде 2010
ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында судағы қайғылы оқиғалардың саны артып келеді,
өткен мереке күндері алты адам суға кеткен, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, су-құтқару қызметкерлері бес адамды құтқарып қалды, деп аталып өтілген ведомствоның баспасөз орталығында.
Сараптама көрсетіп отырғанындай, адамдар қазасының негізгі себебі - рұқсат етілмеген жерде, сондай-ақ мас күйінде суға шомылу болып табылады.
«Ағымдағы жылғы шомылу маусым басталғаннан бері, яғни маусымның 1-нен бастап облыс бойынша 38 адам, оның ішінде 4 бала суға кеткен. Жыл басынан бері аудандардағы судан құтқару стансылары 70 адамды, соның ішінде 27 баланы ажалдан алып қалған», - делінген облыстық ТЖД-нің баспасөз хабарламасында.