Қарағанды облысында өткен жылы жол-көлік апатынан 242 адам қаза тауып, 992 адам жарақаттанған

None
ҚАРАҒАНДЫ. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды облысында 2011 жылы 844 жол-көлік апаты тіркелді, апаттың салдарынан 242 адам көз жұмса, 992-і жарақаттанған.

Бұл туралы облыстық ІІД жол-көлік басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

 «2010 жылға қарағанда жол-көлік апаты 11, 5 пайызға азайған, апаттың салдарынан қаза тапқандардың көрсеткіщі 12,3 пайызға, ал зардап шеккендердің көрсеткіші 12,8 пайызға кеміген», -деп атап өтті ведомстводан. 

 ЖПБ-ның берген ақпараты бойынша республикалық маңызы бар жолдарда 203 жол-көлік апаты орын алған, оның салдарынан 103 адам көз жұмып, 289 адам жарақаттанған. 2010 жылмен салыстырғанда республикалық маңызы бар жолдарда болған жол-көлік апаты 62-ге азайған. Ал қаза тапқандар адамдардың саны 58-ге, жарақат алған адамдардың саны 91-ге кеміген.

Ведомствоның берген ақпараты бойынша, өткен жылы жол полициясы қызметкерлерімен 170 мың  әкімшілік құқық бұзу оқиғасы тіркеліп, оқиғаның алды алынған. Көлікті мас күйінде жүргізгені үшін 4303 жүргізуші ұсталды.

«Талдау барысы көрсеткендей, жол-көлік апаты көбінесе көліктердің қарсы бағытқа шығуынан, жылдамдық режімін бақыламай, жаяу жүргіншілер өтетін жерді ескермеуінен болады», - деп атап өткен ЖПБ.