Қарағанды облысында пара алған деген айыппен Тельман ауылдық округінің әкімі сотталуда

ҚАРАҒАНДЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Осакаров аудандық сотында пара алған деп айыпталып отырған Тельман ауылдық округінің әкіміне қатысты қозғалған қылмыстық іс қаралуда. Бұл туралы аудандық соттың хатшылығы хабарлады.

Тергеудің пайымдауынша, ауыл әкімі кәсіпорынға жер телімдерін ұзақ мерзімді пайдалануға уақытша құқық беретін құжат жасағаны үшін 45000 теңге пара алған, деп түсіндірді аудандық сотта.