«Қарағанды облысы бойынша бүгінде зертханалар нақты диагнозды қойды. Осы орайда пастереллез ауруы анықталып отыр. Бұл бағытта тиісті шараларды жергілікті атқарушы органдар жүргізіп жатыр. Қазіргі кезде 3,5 мыңнан астам мал аталған індетке қарсы егу жұмыстарымен қамтылды. Кеше жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті ақпарат таратылды. Барлығы 319 бас ірі қара мал ауырып, 96 бас қырылды»,-деді Қабдолданов.
Сонымен қатар ол қалған малдардан пастереллез анықталмағанын, қазіргі кезде жағдай қалыпты екенін жеткізді.
Оның сөзіне қарағанда, кез келген ауру ошағы анықталған кезде елді мекеннен ешқандай мал өнімдері шығарылмайды. Бүгінде бұл өңірде пастереллез бойынша тиісті шектеу қойылып, карантин бір айға дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекция басшысы Марат Мұқтаров ауру жайылмағанын айтқан болатын.
Сонымен қатар пастереллезден мал жаппай қырылып жатқан Нұра ауданында ТЖ режімі енгізілгендігі туралы бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.