Өрт 1 сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 11 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру кезінде екі ер адамның мәйіттері табылды, біреуінің жеке тұлғасы анықталмады.
Сондай-ақ осы күні Астана қаласында орналасқан 2 қабатты «Бастау» қонақ-үй кешенінің шатыры мен төбе жабындысы өртенді. Ғимараттың 70 шаршы метр аумағы жанып кетті.
Жалын жарты сағаттан кейін сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 14 адамы мен 7 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттық медицина орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Кешеннің әкімшілігі өрт сөндіру қызметі келгенге дейін 6 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Шығыс Қазақстан облысының Глубокий ауданында, саяжайдың жазғы ас үйінде тұрмыстық баллоннан (27 литр) газдың шығуы салдарынан ауа-газ қоспасы жарылып, оның өртке ұласты. 12 шаршы метр аумаққа тараған жалын өрт сөндіру қызметі келгенге дейін ауыздықталды.
Көршілер 60 жастағы әйелді қауіпсіз аймаққа көшірген, ол ауруханаға барудан бас тартты. Өрт болған жерге ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы барды.