17 желтоқсан күні Балқаш қаласынан 37 шақырым қашықтықта «Балқаш-Саяқ» бағытындағы теміржол тармағының шлагбауммен жабдықталмаған өткелінде Балқаш қаласының 56 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Тойота Прадо» автокөлігімен «Балқаш-Саяқ» бағытындағы жүк пойызы соқтығысты.
Оқиға салдарынан «Тойота Прадо» автокөлігінің жүргізушісі мен оның 33 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, сондай-ақ аталған автокөліктің 47 жастағы жолаушысы әртүрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі «Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталатын болады.