Гүлшат кентінде лаңкестердің бірін ұстаған кезде ол өз-өзін жарып жіберіп, алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Басқа құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Топтың қалған мүшелері ұсталды. Жарылғыш зат құрамдауыштары, қару, басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Аталмыш оқиға бойынша сот алды тергеу басталды. Тергеу шаралары жалғасуда.