Қарағанды облысында республикада жалғыз Ахуалдық орталық ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтың қатысуымен Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласында алғаш рет Ахуалдық орталығы ашылды.

Орталық нақты уақыт режимінде денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы туралы ақпарат ұсынатын, күрделі жағдайлар туралы хабарлап, сол арқылы пайда болған проблемаларды жедел шешуге мүмкіндік беретін бағдарламалық кешен болып табылады. Орталықты құрудың арқасында облыстық денсаулық сақтау басқармасы аймақтағы денсаулық сақтау жүйесін қадағалау және басқарудың тиімді құралына ие болады.

Ахуалдық орталық медициналық ұйымдар, мамандандырылған қызметтер жұмыс көрсеткіштерінің жедел мониторингін өткізіп, олардың қызметін қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Ақпаратты жаңа технологиялар көмегімен талдауға ыңғайлы түрде ұсынылады. Орталық жұмысынан күтілетін нәтиже - жедел әрі маңызды ақпарат, басқарушылық шешімдерді уақытылы қабылдау, денсаулық сақтау саласы жұмысының тиімділігін арттыру, тұрғындардың денсаулық сақтау жүйесімен толық қамтылуы.