Бүгінгі таңда облыста 778 сайлау учаскесі бар. Оның барлығы интернетпен, байланыспен және басқа да қажетті материалдармен қамтамасыз етіледі.
Облыс азаматтарының тізімін жасау және әрқайсысының тұрғылықты жері бойынша тіркелуін тексеру жүріп жатыр.
Алдағы сайлау коронавирус пандемиясының қиын жағдайында өтеді. Сондықтан санитарлық нормаларды сақтауға ерекше назар аударылады.
Дауыс беруге арналған орындар жеке қорғаныс құралдарымен, антисептик және термометрмен жабдықталады.
Сондай-ақ, облыс әкімі Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Юрий Залыгинге COVID-19 таралуының алдын алу бойынша дауыс беру кезіндегі жұмыс алгоритмін бекітуді тапсырды.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың дауыс беру жағдайларына қатысты. 607 учаске пандустармен, кіру топтарымен және дауыс беруге арналған басқа да қажетті құралдарымен жабдықталады.
«Әкімдердің міндеті - әрбір сайлаушыға оның сайлау учаскесі бойынша ақпарат жеткізу. Тұрғын учаскеге келгенде, ол тізімде болмай қалу жағдайлары туындамауы тиіс», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Естеріңізге сала кетейік, әркім осы мақсатта арнайы құрылған sailau09.kz сайтында өзін сайлаушылар тізімінен тексере алады.
Егер мұны интернетте жасау мүмкін болмаса, Senim109 бірыңғай үйлестіру орталығына қоңырау шалуға болады. Оператор өзінің ЖСН немесе жеке куәлігінің нөмірін жаздыруы қажет. Мұнда сізге сайлау учаскесінің қайда екені айтылады.
«20 желтоқсаннан бастап сайлау учаскелеріне сайлаушылар тізімі беріледі. Оларды мекенжай бойынша жасау қажет. Комиссия мүшелері учаске шекаралары бойынша үйлерді салыстырып тексереді, шақыру жазып, таратады», - деп атап өтті облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетов.