Қазір Қарағанды облысы бойынша барлығы 654 сайлау учаскесі құрылған. Комиссия мүшелерінің саны 5 мың 500 ден асады. Семинар-кеңеске олардың төрағалары қатысты. Кездесу барысында Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауға байланысты дайындық жұмыстары пысықталды. Онда аумақтық сайлау комиссиясының атқарған жұмыстары ортаға салынды.
«Биылғы сайлаудың ерекшелігі – партияларға пропорционалды түрде, содан кейін можаритарлық түрде кандитаттарға дауыс беріледі. Бюлетеньдердің өзі 5 бөліктен тұрады. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері осындай оқу-әдістемелік мақсатында өңір-өңірде семинар өткізіп жатыр. Бізде материалдық-техникалық қамтамасыз етілу жайы сөз болды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандардың саяси науқанға қатысуына барынша жағдай жасалуда», - дейді Қарағанды облыстық сайлау комисссиясының төрағасы Қайрат Нүркенов.
Алдағы саяси науқанды ашық, әрі барынша әділ өткізу үшін сайлау комиссиясының мүшелері тәжірибе алмасты. Комиссия мүшелерінің дайындығын пысықтау мақсатында сабақтар өтті. Қарағандыда өткен көшпелі семинар-кеңесте кәсіби мамандар оларға сайлауды қалай дұрыс ұйымдастыру керектігін үйретіп, заңнамаға енгізілген өзгерістерді кеңінен түсіндірді. Семинарға орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров пен комиссия мүшесі Сәбила Мұстафина қатысты.
«Бізде Қазақстан бойынша сайлау комиссияларының 86440 мүшесі бар. Бүгінгі біздің осы Қарағанды облысындағы өткізіп жатқан семинар кенесінің ең маңызды сұрағы алдымыздағы болатын сайлаудың ерекшеліктері. Практикалық кеңестерге байланысты біз осы сайлау комиссия мүшелерімен сол сайлау күніне қатысты мәселелерді талқылаймыз», - дейді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина.
Осы күні облыс бойынша 761 мың, 471 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 12 735-і 18 жасқа толғандар. Олар алғаш рет сайлауға қатыспақ.