Қарағанды облысында сенбілікке қатысушылар 40 мың түптен астам ағаш пен бұта отырғызды
15:29, 23 Сәуір 2011
ҚАРАҒАНДЫ. 23 сәуір. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында сенбілікке қатысушылар 40 мың түптен астам ағаш пен бұта отырғызды.
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгін, 23 сәуірде Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында, еліміздің өзге де аймақтарындағы секілді, елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру мен жасыл желекке бөлеу мақсатында сенбілік болып өтті. Сенбілікке 7343 кәсіпорын, мекеме мен облыстың оқу орындарының ұжымдары шықты. Жалпы алғанда оған 261 мың адам қатысты. Сонымен қатар 878 автокөлік пен тиеу техникасы тартылды», - делінген облыс әкімдігі таратқан ақпаратта.