Вакцинацияланғандардың санын компания хабарлады. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ барлық үш департаменті бойынша бүгінгі күні 17 722 адам екпенің толық курсын алды – бұл 60%-ға жуық.
Вакцинация күнделікті жалғасып жатыр. Кәсіпорындарға өңірдегі емханалардан медициналық бригадалар келеді.
Көмір департаментінде бригадаларға сыйақы беру туралы шешім қабылданды, онда 30-қыркүйекке дейін вакцинацияланғандардың саны 80% жетеді. Берілетін сыйлақы мөлшері – 150 мыңнан 300 мың теңгеге дейін.