Қарағанды облысында шаруашылық нысанның шатыры опырылып, екі сотталушы қаза тапты

Фото: None
АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Кеше кешкі сағат 17 шамасында Қарағанды облысының Қаражал қаласындағы қатаң тәртіптегі түрменің аумағында орналасқан жатақханаға қарасты шаруашылық нысанның шатыры опырылып құлады.

Апат салдарынан 2 сотталушы ажал құшты. Мекеме әкімшілігі қаза тапқандардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетпек.

Жарақаттанған тағы бір сотталушыға медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда оның жағдайы орташа, түзету мекемесінің медициналық бөлімінде ем-дом қабылдауда.

Әзірге шатырдың опырылу себептері анықталу үстінде. Жатақхана ғимаратының іргесі 1962 жылы қаланған.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы, прокуратура өкілі, Қаражал қалалық ішкі істер органдарының қызметкерлері шұғыл жетті.