Әкімдік мәліметтеріне қарағанда, ең көп өңдеу жұмыстары Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында өткізілуде. Зиянкестермен күрес жерде де, ауада да жүріп жатыр. Алдын ала жүргізілген шаралардың арқасында облыста шегірткелермен байланысты мәселе ұзақ уақыттан бері тумаған еді.
«Облысымыздың тоғыз ауданында фитосанитарлық диагностика республикалық әдістемелік орталығының филиалдары қызмет етіп жатыр. Мамандар аумақтарды зерттеп, жыл сайын зиянкестерге қатысты болжам жасайды, қанша алқаптарды өңдеу керектігін есептейді. Шегірткелер қаптауының шарықтау шегі 2000-шы жылдардың басында болған. Сол кезде 800 мың га жерді өңдеуге тура келді. Содан соң олар азая бастады. Кей жылдары небәрі 40 мың га жерді өңдеген кездер де болды. 2016 жылы өңделген жерлердің ауданы 134 мың га болған, ал биылғы жылы болжам бойынша 93 мың га», - деді облыстық аумақтық инспекция жетекшісінің орынбасары Әзілхан Абақанов.
Оның сөзінше, шегірткелерге қарсы өңдеу жұмыстарын облыстың бес ауданында өткізу қажет. Ол - Ақтоғай, Жаңаарқа, Нұра және Ұлытау аудандары, сонымен қатар Қаражал қаласы.
«Шегіртке жойылып жатқан алқаптардың жартысынан көбі Жаңаарқа ауданына тиесілі - 41,3 мың га. Ал Ұлытау ауданында 38 мың га өңделеді. Өңдеу жұмыстарына бүріккіштері бар микрондар, газ генераторлар және аса жеңіл авиация - дельталеттар мен ұшақтар жұмылдырылған. Зиянкестерді жоюда соңғы буын пестицидтері пайдаланылады»,-деді инспекция жетекшісінің орынбасары.