ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, орын алған жол-көлік апатының салдарынан 3 адам, оның ішінде бір сәби оқиға орнында көз жұмды, 7 адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің аты-жөні анықталуда.
12:45, 29 Қыркүйек 2012
Қарағанды облысында шетелдік көлік шағын автобуспен соқтығысты, 3 адам қаза тауып, 7-уі зардап шекті
АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Шет ауданында, Алматы-Екатеринбор тас жолының 775-шақырымында 29 қыркүйекте сағат 02.00-де «Фольксваген» көлігі мен «Мерседес» (Қырғызстан) шағын автобусы соқтығысты.