Қарағанды облысында соттардың мамандандырылуы енгізілді

None
ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында құқықтық саясат концепциясын жүзеге асыру аясында сотттардың мамандандырылуы енгізілді, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Осыған байланысты базалық соттардың қайта ұйымдастырылуы болды, деп атап өтті аталмыш органның баспасөз қызметі. «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы №1 аудандық сотына қылмыстық істер жөніндегі базалық сот мәртебесі берілді, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы №2 аудандық соты азаматтық істер жөніндегі базалық соттың дәрежесіне ие болды. Қарағанды қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты енді әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі базалық аймақтық сот мәртебесімен аталады. Аймақтық базалық сот дәрежесін сондай-ақ Жезқазған және Балқаш қалалық соттары алды», - делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.